Курмамбаев Р.Т. аудан әкімі «AMANAT» партиясының филиалында азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдау өткізді.

Курмамбаев Р.Т. аудан әкімі «AMANAT» партиясының филиалында азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдау өткізді.

Қабылдау барысында тұрғындар жер телімдерін рәсімдеу, тұрғын үй алу, аулаларды асфальттау, білім беру саласы, сондай-ақ қатты тұрмыстық қалдықтарды (ҚТҚ) шығару мәселелері бойынша өтініштерін жеткізді.
Барлық өтініштер мұқият қаралып, әрбір мәселе бойынша қолданыстағы заңнама аясында түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Кейбір өтініштер қосымша зерделеу үшін бақылауға алынды және тиісті шаралар қабылданатын болады.