
Кеңес барысында вакцинацияның ағымдағы көрсеткіштері, егулердің уақтылы жүргізілуіне әсер ететін проблемалық мәселелер және халықты иммундаумен қамтуды арттыруға бағытталған шаралар талқыланды.
Талқылау қорытындысы бойынша халық арасында ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын күшейту, иммундау жоспарларының орындалуын бақылауды қамтамасыз ету және белгіленген нысаналы индикаторларға қол жеткізу жөнінде жауапты тұлғаларға тиісті тапсырмалар берілді.