Алтай ауданының әкімі Құрмамбаев Р.Т. оқушыларды Халықаралық балаларды қорғау күнімен және жазғы сауықтыру маусымының басталуымен құттықтап, жазғы демалыстарын қызықты, белсенді әрі қауіпсіз өткізулеріне тілектестік білдірді.

Алтай ауданында 17 мектеп жанындағы лагерь өз жұмысын бастады, онда 2700-ден астам оқушы қамтылмақ. Сонымен қатар, 29 жазғы алаң ашылып, оларда 3500-ден астам мектеп оқушысының демалысы ұйымдастырылады.
Жазғы демалыс кезеңінде балалар үшін спорттық, мәдени-көпшілік, білім беру және шығармашылық іс-шаралар ұйымдастырылып, олардың қабілеттерін дамытуға, денсаулықтарын нығайтуға және бос уақыттарын тиімді өткізуіне жағдай жасалады.
Аудан әкімі балалардың демалысын сапалы әрі қауіпсіз ұйымдастырудың маңыздылығын атап өтіп, жазғы сауықтыру науқанын дайындауға атсалысқан педагогтер мен ұйымдастырушыларға алғысын білдірді.