Алтай ауданының әкімі Р.Т. Курмамбаев Октябрьский кентіне барып, бастамашыл топ өкілдерімен және елді мекен тұрғындарымен кездесті.

Алтай ауданының әкімі Р.Т. Курмамбаев Октябрьский кентіне барып, бастамашыл топ өкілдерімен және елді мекен тұрғындарымен кездесті.

Кездесу барысында Бұқтырма су қоймасы жағалауындағы жер учаскелерін пайдалану мәселелері талқыланды. Тұрғындарға 2025–2026 жылдары жекелеген жер учаскелерінің азаматтарға жеке қосалқы шаруашылық жүргізу үшін заңнамада белгіленген тәртіппен берілгені түсіндірілді. Сонымен қатар аталған аумақтарда жасыл желектерді кесу фактілері анықталмағаны хабарланды.
Талқылау қорытындысы бойынша аудан әкімі тұрғындарға көрсетілген жер учаскелерін мемлекеттік меншікке қайтару рәсімін бастау туралы шешім қабылданғанын түсіндірді. Жер иелеріне балама жер учаскелері ұсынылады.
Барлық қажетті рәсімдер аяқталғаннан кейін жағалау аумағында экологиялық парк құру жоспарлануда. Жоба жасыл желектерді сақтауды, аумақты абаттандыруды және кент тұрғындары мен қонақтары үшін жайлы демалыс аймақтарын жасауды көздейді.
Аумақты дамыту және абаттандыру жұмыстары тұрғындардың мүдделерін және жағалаудың табиғи әлеуетін сақтауды ескере отырып жалғастырылатын болады.