ШҚО-да Бұқтырма су қоймасының жағалауында экопарк құру жоспарлануда

ШҚО-да Бұқтырма су қоймасының жағалауында экопарк құру жоспарлануда

25 мамыр күні Октябрьский кентінде жергілікті атқарушы органдар мен тұрғындардың кездесуі өтіп, онда Бұқтырма су қоймасының жағалауындағы жер учаскелерін пайдалану мәселелері талқыланды.
Кездесу барысында 2025–2026 жылдары жекелеген жер учаскелері азаматтарға жеке қосалқы шаруашылық жүргізу үшін берілгені түсіндірілді. Сонымен қатар, аталған аумақтарда жасыл желектерді кесу фактілері анықталмағаны айтылды.
Талқылау қорытындысы бойынша көрсетілген жер учаскелерін мемлекет меншігіне қайтару рәсімін бастау туралы шешім қабылданды. Жер иелеріне балама жер учаскелері ұсынылады.
Барлық қажетті рәсімдер аяқталғаннан кейін жағалауда жасыл желектерді сақтай отырып, кент тұрғындары мен қонақтарына арналған абаттандырылған демалыс аймақтары бар экологиялық парк құру жоспарланып отыр.