
Алтай ауданы бойынша Төтенше жағдайлар басқармасының қызметкерлері, №6 Құтқару жасағы және жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп, Бұқтырма су қоймасының жағалауында орналасқан «Жігер» жазғы балалар лагерінің жағажайына тексеру жүргізді.
Тексеру нәтижесінде жағажайдың судағы қауіпсіздік қағидаларының талаптары мен нормаларына сәйкес келетіні анықталды.
Балалардың судағы қауіпсіздігі — жазғы маусымның басты басымдығы.