
Іс-шара барысында оқушыларға өрт сөндіру техникасы, авариялық-құтқару құралдары, сондай-ақ азаматтық қорғау қызметкерлерінің жауынгерлік киімдері таныстырылды. Бөлім қызметкерлері балаларға азаматтық қорғау органдарындағы қызмет, өрт сөндіруші-құтқарушы мамандығының ерекшеліктері және бөлімшенің күнделікті жұмысы туралы айтып берді.
Сонымен қатар, оқушыларға Академия гражданской защиты имени М. Габдуллина МЧС Республики Казахстан-на түсу шарттары, үміткерлерді іріктеу тәртібі, талаптар және Академияда оқудың артықшылықтары түсіндірілді.