««Б» корпусындағы бос мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға орналасуға өткізілетін ішкі конкурс туралы хабарландыру

««Б» корпусындағы бос мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға орналасуға өткізілетін ішкі конкурс туралы хабарландыру

 

««Б» корпусындағы бос мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға

орналасуға өткізілетін ішкі конкурс

туралы хабарландыру

 

«Алтай ауданы әкімінің аппараты» ММ, 070804, Шығыс Қазақстан облысы Алтай қ. Тәуелсіздік к., 20 тел. 8(72335) 74046 (ішкі 215), +77026972740, e-mail: s.nurkasynova@akimvko.gov.kz (бір файлдың көлемі 30Mб аспауы қажет), Шығыс Қазақстан облысының жергілікті атқарушы органдары мемлекеттік қызметшілері арасында бос әкімшілік мемлекеттік лауазымдарға орналасуға ішкі конкурс жариялайды:

 

Алтай ауданы Жаңа Бұқтырма кенті әкімінің орынбасары  («Е-G-1» санаты) фукционалдық блогы А – 1 бірлік, лауазымдық жалақысы еңбек еткен жылдарына байланысты 354 069  теңгеден 406 714 теңгеге дейін.  

Функционалдық міндеттері:

Кент аумағында ішкі және келу туризмін дамыту саласындағы қызметті ұйымдастыру және үйлестіру; туристік инфрақұрылымды дамытуға, кенттің туристік тартымдылығын арттыруға бағытталған бағдарламалар мен жобаларды әзірлеу және іске асыру; туризм саласына қатысатын кәсіпкерлермен, инвесторлармен және қоғамдық ұйымдармен өзара іс- қимыл жасау; туристік маршруттарды, демалыс аймақтары мен көрсету объектілерін абаттандыру, туристер үшін қолайлы жағдайларды қамтамасыз ету жөнінде ұсыныстар дайындау; туризмді дамыту жөніндегі жергілікті және өңірлік бағдарламаларда көзделген іс-шаралардың іске асырылуын бақылау; кентті туристік бағыт ретінде ілгерілетуге бағытталған мәдени, спорттық және туристік іс-шараларды, фестивальдар мен жәрмеңкелерді өткізуді ұйымдастыру; кенттің туристік әлеуеті туралы ақпаратты жинау, талдау және қорыту, әкімге есептер, талдамалық материалдар мен ұсыныстар дайындау; туризм саласын дамыту мәселелері бойынша облыстық және аудандық туризм басқармаларымен, мемлекеттік органдармен және ұйымдармен өзара іс-қимыл жасау; Қазақстан Республикасының Туризм саласындағы заңнамасының сақталуын, туристік қызметтер көрсетуді және туристердің қауіпсіздігін қамтамасыз етуді бақылау; туризм саласына инвестициялар тарту, инвестициялық жобаларды дайындауға және іске асыруға қатысу; кентті ақпараттық ілгерілету, жарнамалық-презентациялық материалдарды әзірлеуге және таратуға қатысу; кент аумағында экотуризмді, этнотуризмді және ауылдық туризмді дамыту жөніндегі жұмысты үйлестіру; туристік қызметке қатысты нормативтік және өкімдік құжаттардың жобаларын дайындау; туризм, мәдениет, экология және абаттандыру мәселелеріне байланысты кент әкімінің өзге де тапсырмаларын жүзеге асыру. Кентті абаттандыру, жарықтандыру, көгалдандыру және санитарлық тазарту жөніндегі жұмысты ұйымдастырады; қолданыстағы құзыреті шегінде табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың алдын алу жөніндегі азаматтық қорғау іс- шараларын жүзеге асыруға қатысады; Құлақтандыру жүйесінің дайындығын қамтамасыз етеді, авариялық – құтқару жұмыстарын жүргізуді, төтенше жағдайларды жоюға жергілікті қорлар құруды ұйымдастырады, эвакуациялық іс-шаралар жүргізуді қамтамасыз етеді; Төтенше жағдайлар кезінде қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуді ұйымдастырады; халықты және ұйымды төтенше жағдайлардың алдын алу және жою жөніндегі қажетті шаралар туралы хабардар етуді ұйымдастырады; Азаматтық қорғау объектілерінің басшылары мен бастықтарын оқытуды ұйымдастырады; Көлік және инженерлік инфрақұрылым объектілерінің жұмысына бақылауды жүзеге асырады; өз құзыреті шегінде суды пайдалану мәселелерін реттейді; жылу беру маусымының барысын бақылауды жүзеге асырады; көлік қатынасын ұйымдастыру жөнінде ұсыныстар енгізеді; кенттің коммуналдық қызметтерінің жұмыс істеуі, кенттің Көлік және инженерлік инфрақұрылым объектілерін пайдалану мәселелері бойынша бақылауды жүзеге асырады.

 

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар:  

Жоғары білім, жоғары оқу орнынан кейінгі білім, орта білімнен кейінгі білім, кәсіптік білім жұмыс тәжірибесі мынадай талаптардың біріне сәйкес келуі тиіс:

 жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім не орта білімнен кейінгі немесе техникалық және кәсіптік білім;

жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:

1) жұмыс өтілі екі жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төмен тұрған санаттағы лауазымдарда немесе А-5, B-6, C-5, C-O-6, C-R-5, D-5, D-O-6, D-R-5, E-5, E-R-5, E-G-3 санаттарынан төмен емес лауазымдарда бір жылдан кем емес;

2) жұмыс өтілі екі жылдан кем емес, оның ішінде құқық қорғау немесе арнайы мемлекеттік органдарының басшылық лауазымдарында немесе әскери қызметтің басшылық лауазымдарында немесе судья лауазымында бір жылдан кем емес;

3) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда жұмыс өтілі екі жылдан кем емес егер ұйымдардың басшылық лауазымдарында бір жылдан кем емес.

 

Құжаттарды қабылдау мерзiмi: Уәкілетті органның интернет-ресурсында ішкі конкурс өткізу туралы хабарландыру жарияланғаннан кейін келесі жұмыс күнінен бастап есептелетін құжаттарды қабылдау мерзімі (3 жұмыс күні).

Бұл ретте персоналды басқару қызметі (кадр қызметі) не персоналды басқару қызметінің (кадр қызметінің) міндеттерін орындау жүктелген адам мемлекеттік органның жұмыс уақытында (сағат 8.00-ден 17.30-ға дейін) Заңның 32-бабының 3-тармағына сәйкес бекітілген мемлекеттік қызметшілердің еңбек тәртібі қағидаларында белгіленген құжаттарды қабылдайды.

Ішкі конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар тізбесі:

1) осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш (бұдан әрі-өтініш);

2) Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігі Төрағасының 2021 жылғы 10 қыркүйектегі № 158 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 24350 болып тіркелген) бекітілген, тиісті персоналды басқару қызметі құжаттарды тапсыру күніне дейін күнтізбелік отыз күн ішінде растаған мемлекеттік қызметшінің қызметтік тізімі.

Кандидаттар жарияланған лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда жұмыс өтілі барын растайтын құжаттарды ұсына алады.

Құжаттардың толық емес пакетін немесе дәйексіз мәліметтерді ұсыну персоналды басқару қызметінің (кадр қызметінің) немесе персоналды басқару қызметінің (кадр қызметінің) міндеттерін атқару жүктелген адамның оларды қараудан бас тартуына негіз болып табылады.

Азаматтар біліміне, жұмыс тәжірибесіне, кәсіби деңгейіне және беделіне қатысты (біліктілігін арттыру, ғылыми дәрежелер мен атақтар берілуі туралы құжаттардың көшірмелері, мінездемелер, ұсынымдар, ғылыми жарияланымдар және өзге де олардың кәсіби қызметін, біліктілігін сипаттайтын мәліметтер) қосымша ақпараттарды бере алады.

Ішкі конкурсқа қатысуға ниет білдірген тұлғалар құжаттарды қабылдау мерзімінде «Е-қызмет» интеграцияланған ақпараттық жүйесі немесе «Е-gov» электрондық үкімет порталы арқылы не хабарландыруда көрсетілген электрондық пошта мекенжайына электрондық түрде ішкі конкурс жариялаған мемлекеттік органға құжаттарды ұсынады.

Ішкі конкурсқа қатысатын және әңгімелесуге жіберілген кандидаттар оны Шығыс Қазақстан облысы Алтай қаласы Тәуелсіздік көшесі, 20-үй, «Алтай ауданы әкімінің аппараты» ММ мекенжайында кандидаттарды әңгімелесуге жіберу туралы хабардар еткен күннен бастап келесі бір жұмыс күні ішінде өтеді.

Ішкі конкурсқа қатысатын және әңгімелесуге жіберілген кандидаттармен әңгімелесу қажет болған жағдайда қашықтықтан бейнебайланыс құралдары арқылы жүргізілуі мүмкін.

Конкурс комиссиясының отырысына уәкілетті органның немесе оның аумақтық бөлімшелерінің қызметкерлерінің, оның ішінде қашықтықтан бейнебайланыс құралдары арқылы қатысуына жол беріледі.

Кандидаттардың ішкі конкурс қорытындыларына және/немесе персоналды басқару қызметінің (кадр қызметінің) әрекетіне (әрекетсіздігіне) уәкілетті органға немесе оның аумақтық бөлімшесіне Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен шағымдануына жол беріледі.

Уәкілетті органға немесе оның аумақтық бөлімшесіне ішкі конкурстың қорытындыларына және/немесе кадр қызметінің әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым беру уәкілетті орган немесе оның аумақтық бөлімшесі келіп түскен шағым бойынша тиісті шешім қабылдағанға дейін ішкі конкурсты тоқтата тұру үшін негіз болып табылады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

"Б" корпусының мемлекеттік
әкімшілік лауазымына
орналасуға ішкі конкурс
өткізу қағидаларының

1-қосымшасы
Нысан

 

________________________

 

________________________

 

________________________

 

тел.____________________

 

эл. мекенжайы __________

Өтініш

Мені ____________________________________________________________

_________________________________________________________________

      бос мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасу конкурсына қатысуға жіберуіңізді сұраймын.

      "Б" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға конкурс өткізу қағидаларының негізгі талаптарымен таныстым, олармен келісемін және орындауға міндеттенемін.

      Менің жеке мәліметтерімді, оның ішінде психоневрологиялық және наркологиялық ұйымдардан мәліметтерімді жинауға және өңдеуге келісімімді білдіремін.

      Мемлекеттік қызметші өзінің жақын туыстары (ата-аналары (ата-анасы), балалары, асырап алушылары, асырап алынған балалары, ата-анасы бір және ата-анасы бөлек аға-інілері мен апа-сіңлілері (қарындастары), аталары, әжелері, немерелері), жұбайы (зайыбы) және (немесе) жекжаттары (жұбайының (зайыбының) ата-анасы бір және ата-анасы бөлек аға-інілері мен апа-сіңлілері (қарындастары), ата-аналары және балалары) атқаратын лауазымға тікелей бағынысты болатын мемлекеттік лауазымды атқара алмайды, сондай-ақ жақын туыстары, жұбайы (зайыбы) және (немесе) жекжаттары тікелей бағынысында бола алмайтыны туралы талаппен таныстым.

      Мемлекеттік органның интернет-ресурсында менің әңгімелесуімнің бейнежазбасын транляциялауға және орналасуға келісім беремін ________________ (иә/жоқ)

      Ұсынылып отырған құжаттарымның дәйектілігіне жауап беремін.

      Қоса берілген құжаттар:

      _______________________________________________________________

      _______________________________________________________________

      Мекенжайы: ______________________

      Байланыс телефондары: ________________

      e-mail: ______________________

      ЖСН: ______________________

      _________ ___________________________

      (қолы) (Тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда))

      20 __ ж. "___" _______________