Аудан әкімінің орынбасары Мыслимова Т.Н. және ауыл шаруашылығы және жер қатынастары бөлімінің басшысы Куттыбаева А.М. Октябрьск, Жаңа-Бұқтырма және Прибрежный кенттерінің тұрғындарымен «Ауыл Аманаты» бағдарламасы аясында несие беру шарттарын түсіндіру мәселелері бойынша кездесулер өткізді.

Кездесулер барысында тұрғындарға бағдарламаның мақсаттары мен мүмкіндіктері, жеңілдетілген несие алу тәртібі, қатысушыларға қойылатын талаптар, сондай-ақ кәсіпкерлік пен ауыл шаруашылығын дамытуға бағытталған қаржыландыру тетіктері туралы жан-жақты ақпарат берілді.
Мамандар тұрғындарды қызықтырған сұрақтарға жауап беріп, өтінім беру кезеңдері мен қажетті құжаттар тізімін түсіндірді. Сонымен қатар, ауыл тұрғындарының жұмыспен қамтылуын арттыруға және әл-ауқатын жақсартуға бағытталған мемлекеттік қолдау шаралары талқыланды.