2026 жылғы 14 мамырда Өскемен қаласында мектеп, колледж және жоғары оқу орындарының білім алушылары арасында үздік IT-жобаны анықтауға арналған жыл сайынғы «New Generation» облыстық IT-фестивалі өтті.

Байқаудың мақсаты – білім алушылардың шығармашылық белсенділігін арттыру, дарынды балаларды қолдауға қолайлы жағдай жасау, олардың цифрлық технологиялар саласындағы құзыреттерін дамыту, сондай-ақ талантты жастарды ғылым саласына тарту мақсатында білім беру ұйымдары арасындағы ынтымақтастықты нығайту.
Фестивальге Алтай ауданынан №7 орта мектебі, №11 орта мектебі, М.В. Инюшин атындағы №1 орта мектебі және С. Нұрмағамбетов атындағы орта мектебі оқушылары қатысты.
Фестиваль қорытындысы бойынша №7 орта мектебі 10-сынып оқушысы Анастасия Лапина «Оқушылардың кітап оқуын бақылауға арналған интеллектуалды жүйені әзірлеу» жобасымен көрермендер көзайымы жүлдесіне ие болды.