Су айдыны қауіпті болуы мүмкін!

Су айдыны қауіпті болуы мүмкін!

Шомылу маусымы 1 маусымнан басталады. Алайда мамыр айының жылы күндері басталысымен қала тұрғындары қарбалас жұмыс аптасынан кейін толыққанды демалу үшін су айдындарына барады. Бірақ су жағасындағы демалыс кей жағдайда қайғылы жағдайға әкелуі мүмкін. Мәселен, 2025 жылғы 3 шілдеде Жаңа Бұқтырма кентіндегі қайық станциясы ауданында Бұқтырма су қоймасында 1 адам суға батып кетті. Сонымен қатар, 2025 жылғы қазанда Бұқтырма өзенінде тағы 1 адам суға батты.
Жазатайым оқиғалардың алдын алу үшін судағы қарапайым қауіпсіздік ережелерін білу және сақтау қажет. Осыған байланысты Алтай ауданының Төтенше жағдайлар басқармасы судағы қауіпсіздік шараларын еске салады:
су айдындарының жабдықталмаған жерлерінде және «шомылуға тыйым салынады» белгілері орнатылған орындарда шомылмаңыз;
шағын көлемді кемелерге және басқа да жүзу құралдарына жақындамаңыз;
қайықтардан, катерлерден, айлақтардан, табиғи түзілімдерден (жартастар, құздар, үлкен тастар және тағы басқа), сондай-ақ осы мақсатқа бейімделмеген құрылыстардан суға секірмеңіз;
тексерілмеген және жабдықталмаған жерлерде сүңгімеңіз;
жүзуге арналмаған заттармен суға түспеңіз;
балаларды қараусыз қалдырмаңыз;
құтқару кеудешелерінсіз су көлігінде (оның ішінде шағын көлемді кемелерде) болуға және оны басқаруға жол берілмейді;
алкогольдік немесе есірткілік масаң күйде суға түспеңіз және шомылмаңыз;
су температурасы 17–19°С-тан, ал ауа температурасы 21–23°С-тан төмен болған кезде шомылу ұсынылмайды;
түнгі уақытта шомылу ұсынылмайды.
Су айдындарындағы қауіпсіздік қағидаларын бұзғаны немесе орындамағаны үшін азаматтар әкімшілік жауапкершілікке тартылуы мүмкін. Мәселен, 2025 жылғы шомылу маусымында Алтай ауданы су айдындарының жағалау сызықтарын патрульдеу барысында 11 құқық бұзушы анықталып, олар Қазақстан Республикасы ӘҚБтК-нің 412-бабы бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылды.
Алтай ауданы ТЖБ