Тағылымды шараға аудан жергілікті атқарушы билік өкілдері, мәслихат депутаттары, тыл еңбеккерлері, мекеме және ұйым қызметкерлері, сондай-ақ қала тұрғындары қатысты. Қатысушылар қаза тапқан батырларды бір минут үнсіздікпен еске алып, олардың ерлігі мен батылдығына, бейбіт өмір үшін жасаған жанқиярлық еңбегіне құрмет білдіріп, гүл шоқтарын қойды.
Іс-шара патриоттық рухта өтіп, жеңіс ұрпағының ерлігіне деген зор құрмет пен бірліктің айқын көрінісіне айналды.