Алтай ауданы әкімдігі жанындағы Жастар ісі жөніндегі кеңестің отырысы

Алтай ауданы әкімдігі жанындағы Жастар ісі жөніндегі кеңестің отырысы

2026 жылғы 29 сәуірде «Алтай ауданының Жастар ресурстық орталығы» КММ-де Жастар ісі жөніндегі кеңестің кезекті отырысы өтті.
Отырысқа Кеңес мүшелері, мемлекеттік органдардың өкілдері, білім беру ұйымдарының басшылары және жастар ұйымдарының көшбасшылары қатысты.
Күн тәртібіне келесі мәселелер шығарылды:
1. 2026 жылға арналған Алтай ауданы жастарын жұмыспен қамту және еңбекке орналастыруға жәрдемдесу
2. Спорттық инфрақұрылымды дамыту және жастарды спортқа тарту
3. Психологиялық қызметтің жұмысы. Білім беру мекемелерінде суицидтік мінез-құлықтың алдын алу
4. 2025–2030 жылдарға арналған заң және тәртіп идеологиясын ілгерілету тұжырымдамасын іске асыру
Отырыс қорытындысы бойынша әрбір мәселе бойынша жауапты тұлғалар бекітіліп, нақты орындау мерзімдері белгіленген ұсынымдар қабылданды.