
Қоқыс пен құрғақ өсімдіктерді өртеуге тыйым салынғанын еске саламыз. Мұндай әрекеттер қоршаған ортаға зиян келтіреді, өрттің шығуына және адам өмірі мен денсаулығына қауіп төндіруі мүмкін.
Желді ауа райында қоқыстарды өртеу ерекше қауіпті — өрт тұрғын үйлерге, қосалқы ғимараттарға және табиғи аумақтарға тез таралады.
Өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтауға және қалдықтарды тек белгіленген тәртіппен жоюға шақырамыз.
Бұзушылықтар әкімшілік жазаға әкеп соғады.
Өзіңізді және қоршаған ортаны қорғаңыз!