
Жұмыстар маршруттық әдіспен қала бойынша жүргізілуде, соның ішінде жеке сектор көшелеріне қиыршық тас төсеу жұмыстары да бар.
Қаланың Большенарым жақтан кіреберіс жағынан шұңқырларды жөндеуге дайындық жұмыстары басталды: Партизанская, Рабочая, Зыряновская, Рудная көшелері. Одан әрі жұмыстар орталық алаңы, автостанция маңы, қиылыстар және қаланың басқа да көшелерін қамтиды.
Қиыршық тас төсеу жұмыстары негізінен қаланың батыс бөлігіндегі көшелерде жүргізілуде.