Посмотреть эту публикацию в Instagram
Қоршаған ортаның жай-күйін жақсартуға және табиғатқа ұқыпты қарау мәдениетін қалыптастыруға бағытталған ауқымды республикалық бағдарлама аясында кәсіпорын қызметкерлері кезекті сенбілікке шықты.
Қызметкерлер тек қоқыс жинап қана қоймай, тұрғындармен түсіндіру жұмыстарын жүргізіп, тазалықты сақтау мен экологиялық жауапкершіліктің маңыздылығын еске салды.
Ұйымдастырушылардың айтуынша, мұндай шаралар жақсы дәстүрге айналып, алдағы уақытта да жалғасады. Компанияда акцияға қатысу әр қызметкердің қоршаған ортаны сақтауға және қаладағы өмір сапасын арттыруға қосқан үлесі екені атап өтілді.