АТА-АНАЛАРДЫҢ НАЗАРЫНА!

АТА-АНАЛАРДЫҢ НАЗАРЫНА!

Алтай қаласының аумағында өмір мен денсаулыққа үлкен қауіп төндіретін қараусыз қалған және тозығы жеткен ғимараттар бар.
Сіздерден:
— балалардың қауіпті аймақтарға кіруіне жол бермеуді;
— балаларға қараусыз қалған ғимараттарда болу қаупін түсіндіруді;
— олардың ойын алаңдары мен демалыс орындарын бақылауды күшейтуді сұраймыз.

БАЛАЛАР!
Бос тұрған ғимараттарға кіруден аулақ болыңыздар.
Олардың жанында ойнамаңыздар.
Қираған ғимараттар жарақаттарға немесе апаттарға әкелуі мүмкін.
Балалардың қауіпсіздігі - ересектердің міндеті!