«Таза Қазақстан» республикалық экологиялық бағдарламасы аясында «Бұқтырма гидроэнергетикалық кешені» ЖШС қызметкерлері мен Жастар кеңесінің белсенділері экологиялық акцияға белсене қатысып, тазалықты сақтау және қоршаған ортаны абаттандыру жөніндегі бастаманы қолдады.
Серебрянск - Жоғарғы бьеф автожолының аумағы мен іргелес учаскелері, сондай-ақ Жоғарғы бьеф алаңы тазартылды. Қоқыс жинап, жер телімдерін ретке келтіріп, таза әрі жайлы ортаға үлес қосты.