2026 жылғы 16 сәуірде Алтай ауданы әкімінің орынбасары Ж.А. Аскарованың төрағалығымен кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссияның отырысы өтті.

2026 жылғы 16 сәуірде Алтай ауданы әкімінің орынбасары Ж.А. Аскарованың төрағалығымен кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссияның отырысы өтті.

Комиссия жұмысына Алтай ауданы прокуратурасының прокуроры А.М. Жаканова, комиссия мүшелері — білім беру, денсаулық сақтау, ішкі істер органдары, қорғаншылық және қамқоршылық, мәдениет, жұмыспен қамту және халықты әлеуметтік қорғау бөлімдерінің өкілдері, сондай-ақ білім беру ұйымдарының директорлары қатысты.
Отырыс барысында балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету, олардың жыныстық қол сұғылмаушылығын қорғау мәселелері, сондай-ақ кәмелетке толмағандарды тәрбиелеу бойынша ата-аналық міндеттерді тиісінше орындамауға байланысты 8 жеке іс қаралды. Әрбір іс бойынша өзекті мәселелер талқыланып, қалыптасқан жағдайлардың себептері анықталып, оларды шешу бойынша нақты шаралар белгіленді.
Отырыс қорытындысы бойынша жауапты қызметтер мен ұйымдарға кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтар мен қылмыстардың алдын алу бойынша профилактикалық жұмысты күшейтуге бағытталған тапсырмалар берілді.