
Жер телімдерін сату және жер телімдерін жалға алу құқығы бойынша электрондық аукцион 2026 жылғы 21.04, сағат 10-да 00 минутта Мемлекеттік мүлік Тізілімінің веб-порталында (бұдан әрі - тізілімнің веб-порталы) www.gosreestr.kz аукцион залында өткізілетін болады.
Аукционға қатысу үшін тізілімнің веб-порталында алдын ала тіркелу қажет:
1) жеке тұлғалар үшін: тегі, аты және әкесінің аты (бар болса), жеке сәйкестендіру нөмірі (бұдан әрі ЖСН), паспорттық деректер;
2) заңды тұлғалар үшін: бизнес-сәйкестендіру нөмірі (бұдан әрі-БСН), бірінші басшының толық атауы, тегі, аты және әкесінің аты (бар болса);
3) кепілдік жарнаны қайтару үшін екінші деңгейдегі банктегі есеп айырысу шотының деректемелері (жеке сәйкестендіру коды, банктік сәйкестендіру коды, банктің атауы, бенефициардың коды);
4) байланыс деректері (пошта мекенжайы, телефон, факс, е-mail).
Сауда-саттыққа қатысу үшін қатысушы веб – порталда өтінім ұсынады және электрондық цифрлық қолтаңбамен (бұдан әрі-ЭЦҚ) қол қояды.
Сауда-саттыққа қатысушылардың өтінімдерін тіркеу хабарландыру орналастырылған күннен бастап жүргізіледі және сауда-саттық басталғанға дейін бес минут бұрын аяқталады
Сауда-саттыққа қатысу үшін кепілдік жарна 216 250 теңгені құрайды.
Кепілдік жарнаны аудару үшін деректемелер
Төлем алушы (каз.): «АҚПАРАТТЫҚ-ЕСЕПКЕ АЛУ ОРТАЛЫҒЫ» АКЦИОНЕРЛІК ҚОҒАМЫ; БСН: 050540004455.
Қатысушылар кепілдік жарналардың кез келген санын енгізуге құқылы, бұл ретте бір кепілдік жарна бір жер телімін сатып алу құқығын береді.
Тізілімнің веб-порталы автоматты тексеру нәтижелері бойынша тізілімнің веб-порталында көрсетілген қатысушының электрондық мекенжайына өтінімді қабылдау не өтінімді қабылдаудан бас тарту себептері туралы электрондық хабарлама жібереді.
Бағаны көтеруге арналған аукционға қатысушылар аукцион басталғанға дейін 1 (бір) сағат ішінде ЭЦҚ мен аукциондық нөмірді пайдалана отырып, аукцион залына кіреді, бастапқы бағадан төмен емес сауда-саттық объектісі үшін өзінің баға ұсынысын көрсетеді.
Бағаны өзгерту қадамы: сауда-саттық объектісінің бастапқы немесе ағымдағы бағасы 20000 еселенген АЕК мөлшеріне дейінгі мөлшерде- 10% мөлшерінде белгіленеді.
Әрбір сатылған сату объектісі бойынша аукцион нәтижелері сауда-саттық нәтижелері туралы электрондық хаттамамен ресімделеді, оған сатушы және жеңімпаз ЭЦҚ пайдалана отырып, сауда-саттық өткiзiлген күнi тізілімнің веб-порталында қол қояды.
Аукцион нәтижелері туралы хаттама аукцион нәтижелерін және жеңімпаз бен сатушының сату объектісін сату бағасы бойынша сатып алу-сату шартына қол қою міндеттемелерін тіркейтін құжат болып табылады. Сатып алу-сату шарты электрондық форматта тізілімнің веб-порталында жасалады және сатушы мен сатып алушы ЭЦҚ пайдалана отырып сауда-саттық нәтижелері туралы хаттамаға қол қойылған күннен бастап екі жұмыс күні ішінде қол қояды.
Жер телімін сатып алу-сату шарты немесе жер телімін жалға алу құқығы бойынша есеп айырысулар сатушы мен сатып алушы арасында жүргізіледі. Бұл ретте сатып алушы төлемдерді ұйымдастырушыға келесі тәртіппен аударады:
1) кепілақы (аванстық төлем) жер телімін сатып алу-сату шартына немесе жер телімін жалға алу құқығына қол қойылған күннен бастап 2 (екі) жұмыс күнінен кешіктірілмейтін мерзімде сату бағасының 50 (елу) % мөлшерінде енгізіледі. Кепілдік жарна тиесілі аванстық төлем шотына есептеледі;
2) қалған сома жер телімін сатып алу-сату шартына немесе жер телімін жалға алу құқығына қол қойылған күннен бастап күнтізбелік 30 (отыз) күннен кешіктірілмей енгізіледі.
Назар аударыңыз: кепілдік жарна сауда-саттыққа қатысу кезінде мәлімделген шарттарда жер телімін сатып алу-сату шартына немесе жер телімін жалға алу құқығына қол қоюдан бас тартылған жағдайда қайтарылмайды, барлық басқа жағдайларда кепілдік жарна тиесілі аванстық төлемнің шотына есептеледі.
Бағаны көтеру шарттарымен аукционға мынадай сату объектілері қойылады:
|
сауда-саттық нөмірі |
Жер учаскесінің орналасқан жері |
Жер учаскесінің нысаналы мақсаты |
Ауданы (га) |
Құқық түрі |
Жер учаскесінің бастапқы (ең төменгі) бағасы немесе жалдау құқығы, (теңге) |
Жер учаскелеріне ауыртпалықтар мен шектеулер
|
Жер учаскесінің орналасқан жері |
|
436657 |
ШҚО, Алтай ауданы, Алтай қаласы, М. Горький көшесі, ИВС ауданы |
металл гаражды орналастыру және пайдалану үшін |
0,0073 |
10 жыл мерзімге уақытша өтеулі жер пайдалану |
24637,5 |
оларға қызмет көрсету үшін еркін қол жеткізуді қамтамасыз ете отырып, инженерлік желілердің күзет аймағын сақтау |
950 |
|
436659 |
ШҚО, Алтай ауданы, Алтай қаласы, Северная көшесі |
жеке гараж салу үшін |
0,0022 |
Жеке меншік |
34 650 |
оларға қызмет көрсету үшін еркін қол жеткізуді қамтамасыз ете отырып, инженерлік желілердің күзет аймағын сақтау |
239 |
|
436660 |
ШҚО, Алтай ауданы, Алтай қаласы, Фрунзе көшесі, №37 үй ауданы |
жеке гараж салу үшін |
0,0027 |
Жеке меншік |
45 562,5 |
оларға қызмет көрсету үшін еркін қол жеткізуді қамтамасыз ете отырып, инженерлік желілердің күзет аймағын сақтау |
293 |
|
436658 |
ШҚО, Алтай ауданы, Серебрянск қаласы, Серебрянская көшесі, №153 және №155 үйлер арасында |
сауда павильонын орналастыру үшін |
0,0015 |
10 жыл мерзімге уақытша өтеулі жер пайдалану |
2 565 |
оларға қызмет көрсету үшін еркін қол жеткізуді қамтамасыз ете отырып, инженерлік желілердің күзет аймағын сақтау |
195 |
|
436652 |
ШҚО, Алтай ауданы, Алтай қаласы, Промышленная көшесі |
жарықдиодты тақтаны орналастыру үшін |
0,0061 |
10 жыл мерзімге уақытша өтеулі жер пайдалану |
19 215 |
электр беру желісінің күзет аймағында шаруашылық қызметті шектеу, автомобиль жолының күзет аймағын сақтау |
794 |
|
436653 |
ШҚО, Алтай ауданы, есептік орам жерлері 05-070-045 |
қайық гараждарын орналастыру үшін |
0,1 |
10 жыл мерзімге уақытша өтеулі жер пайдалану |
72000 |
Бұқтырма су қоймасының белгіленген су қорғау белдеуі шегінде шаруашылық қызметтің шектеулі режимін сақтау |
1728 |
|
436654 |
ШҚО, Алтай ауданы, Тұрғысын ауылы, есептік тоқсан 05-070-006 |
жол бойындағы сервис (кафе)салу үшін |
0,1 |
Жеке меншік |
235000 |
электр беру желісінің күзет аймағында шаруашылық қызметті шектеу, автомобиль жолының күзет аймағын сақтау |
1440 |
|
436656 |
ШҚО, Алтай ауданы, Алтай қаласы, № 32 ДЭУ ауданында |
қойма үй-жайын салу үшін |
0,0038 |
3 жыл мерзімге жалдау құқығы |
3 591 |
ӘЖ және КЖ күзет аймағын сақтау, инженерлік желілердің күзет аймағын сақтау |
495 |
|
436651 |
ШҚО, Алтай ауданы, Алтай қаласы, № 32 ДЭУ ауданында |
қойма үй-жайын салу үшін |
0,0021 |
3 жыл мерзімге жалдау құқығы |
1 985 |
ӘЖ және КЖ күзет аймағын сақтау, инженерлік желілердің күзет аймағын сақтау |
274 |
|
436655 |
ШҚО, Алтай ауданы, Алтай қаласы, Промышленная көшесі |
жеке гараж салу үшін |
0,005 |
Жеке меншік |
78750 |
оларға қызмет көрсету үшін еркін қолжетімділікті қамтамасыз ете отырып, инженерлік желілердің күзет аймағын сақтау, санитарлық және экологиялық нормаларды сақтау |
543 |
|
436706 |
ШҚО, Алтай ауданы, Алтай қаласы, Строительный тұйық көшесі, №6 үй ауданында |
жеке гараж салу үшін |
0,01 |
Жеке меншік |
168 750 |
ӘЖ және КЖ күзет аймағын сақтау, оларға қызмет көрсету үшін еркін қолжетімділікті қамтамасыз ете отырып, инженерлік желілердің күзет аймағын сақтау |
1085 |
|
436707 |
ШҚО, Алтай ауданы, Алтай қаласы, Курчатов көшесі, №8 үй ауданында |
жеке гараж салу үшін |
0,0024 |
Жеке меншік |
40 500 |
ӘЖ және КЖ күзет аймағын сақтау, оларға қызмет көрсету үшін еркін қолжетімділікті қамтамасыз ете отырып, инженерлік желілердің күзет аймағын сақтау |
260 |
|
436708 |
ШҚО, Алтай ауданы, Алтай қаласы, Промышленная көшесі, 1/1 |
жарнамалық баннерді орналастыру үшін |
0,0003 |
10 жыл мерзімге уақытша өтеулі жер пайдалану |
945 |
ӘЖ және КЖ күзет аймағын сақтау, оларға қызмет көрсету үшін еркін қолжетімділікті қамтамасыз ете отырып, инженерлік желілердің күзет аймағын сақтау |
39 |
|
436709 |
ШҚО, Алтай ауданы, Серебрянск қаласы, есептік орам жерлері 05-084-006 |
айлақты орналастыру үшін |
0,7415 |
5 жыл мерзімге уақытша өтеулі жер пайдалану |
633 982,50 |
Өскемен су қоймасының белгіленген су қорғау аймағы мен су қорғау белдеуі шегінде шаруашылық қызметтің арнайы және шектеулі режимін сақтау, жер учаскесін пайдалану кезінде кедергілерді, күзет пункттерін, тыйым салатын белгілерді орнату арқылы халықтың ортақ су пайдалану су объектісіне қол жеткізуін шектеуге тыйым салынады. |
96543 |
Анықтама телефоны 8 (72335) 79186 – «Алтай ауданының ауыл шаруашылығы және жер қатынастары бөлімі» мемлекеттік мекемесі.