
Қазіргі уақытта Алтай қаласында су тасқыны жағдайы қалыпты.
Вторушка өзенінің тоғанының жағасында қосымша сорғы орналасқан, төтенше жағдай туындаған жағдайда, ол суды бөлек құбыр арқылы ағызып, Бажова көшесіндегі сорғы станциясының су басуына жол бермейді. Сорғы станциясындағы арнайы бөлмесінде дизель генераторы орналасқан. Ол электр қуаты өшкен жағдайда сорғылардың үздіксіз жұмысын қамтамасыз етеді.
Вторушка өзеніндегі жасанды көлде қақпалар, қорғаныс тежегіштер орнатылған. Олар суды қаланың ескі бөлігі арқылы өтетін Березовка өзеніне құятын су өткізу каналына бұрады. Көлде әлі мұз бар, бірақ су қақпалар арқылы еркін ағады, канал кептеліссіз.
Қазіргі уақытта Алтай қаласында 62 су өткізгіш құбыр, 10 көпір, 3 өзен және 14 бұлақ үнемі бақылауда. Су барлық жерде еркін ағады және су тасқыны байқалмайды.
Су басу қаупі жергілікті атқарушы органдардың тұрақты бақылауына алынған.