
Білім додасына Шығыс Қазақстан облысынан 8 педагог қатысып, жоғары кәсіби шеберліктерін көрсетті.
Олимпиада қорытындысы бойынша облыс мұғалімдері келесідей жоғары нәтижелерге қол жеткізді:
I орын: Пруткова Светлана Борисовна – Алтай ауданы бойынша білім бөлімінің «Первомай орта мектебі» КММ.
III орын: Прудковская Кристина Аркадьевна – Глубокое ауданы бойынша білім бөлімінің «Опытное поле орта мектебі» КММ.
III орын: Омарова Марияш Сейтеновна – Глубокое ауданы бойынша білім бөлімінің «Опытное поле орта мектебі» КММ.
III орын: Болатова Жазира Сериковна – Зайсан ауданы бойынша білім бөлімінің «Қаратал орта мектебі» КММ.
Барлық жеңімпаздарды лайықты марапаттарымен құттықтаймыз! Облыс намысын абыроймен қорғаған ұстаздарға шығармашылық табыс пен жаңа белестер тілейміз.