Ағымдағы жылғы 23 наурызда әскери қызметшілер республикалық тас жол бойында орналасқан каналды, сондай-ақ Соловьево ауылының Набережная көшесіндегі каналды тазарту жұмыстарын жүргізді. Сондай-ақ, Маяк ауылының Центральная көшесі бойындағы су өткізгіш құбырлары тазартылды. Бұл іс-шаралар су тасқынының алдын алу және қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында жоспарға сәйкес жүзеге асырылуда.