Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдауға объектінің қызметін және объектінің ұйымдастырушылық-басқарушылық қызметін қозғайтын нормативтік құқықтық актілер тартылатын болады.
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне жүргізілген ішкі талдау қорытындылары бойынша талдамалық анықтама дайындалады, оның негізінде сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар жасауға ықпал ететін себептер мен жағдайларды жою жөнінде шаралар қабылданатын болады.
Осы іс-шараның маңыздылығын ескере отырып, барлық мүдделі тұлғаларды оған қатысуға шақырамыз. Тіркеу және қосымша ақпарат алу үшін Алтай ауданы әкімдігінің «Алтай қаласының жылу-су орталығы» коммуналдық мемлекеттік кәсіпорнының комплаенс-қызметіне көрсетілген мекенжай бойынша хабарласуыңызды сұраймыз: Шығыс Қазақстан облысы, Алтай қаласы, Пионерский тұйық көшесі, 18 ғимарат.
Электрондық пошта: Mzdaimec@yandex.ru
Байланыс телефон нөмірлері 8/72335/7-89-53, 87713539127.