
Наурыз мерекесіне орай кітапханада «Ұлыстың ұлы күні – Наурыз!» атты кітап көрмесі ұйымдастырылды.
Көрме жанында № 9 орта мектеп оқушыларымен танымдық әңгіме өткізілді. Оқушылар мерекенің тарихымен танысып, оның көне дәстүрлері, жаңару мен бірліктің мәні туралы білді.
Кітаптар арқылы балалар ата-бабамыздың Наурызды қалай қарсы алғанын, бүгінгі күнге дейін сақталған салт-дәстүрлерді таныды.
Осындай кездесулер ұлттық мәдениетке деген қызығушылықты арттырып, дәстүрдің маңызын түсінуге көмектеседі.
Наурыз әр шаңыраққа қуаныш, береке мен бақыт әкелсін!