Дүниежүзілік Азаматтық қорғаныс күнін мерекелеу аясында Шығыс Қазақстан облысының Төтенше жағдайлар департаменті тарапынан облыс мектептері оқушылары арасында конкурс өткізілді.

Дүниежүзілік Азаматтық қорғаныс күнін мерекелеу аясында Шығыс Қазақстан облысының Төтенше жағдайлар департаменті тарапынан облыс мектептері оқушылары арасында конкурс өткізілді.

Облыс оқушылары екінші рет қолданылатын және табиғи материалдарды пайдалана отырып, жеке қорғаныс құралдарын дайындау тәсілдерін көрсеткен бейнероликтер ұсынды.
Конкурс қорытындысы бойынша Алтай қаласындағы №6 орта мектептің 4 «В» сынып оқушысы Бабишев Никита екінші орынға ие болды. Алтай ауданының Төтенше жағдайлар бөлімінің қызметкерлері Никитаны жүлделі орынмен құттықтап, ШҚО ТЖД бастығының грамотасын және бағалы сыйлық табыстады.
Осындай іс-шараларды өткізу азаматтық қорғаныс және төтенше жағдайлар саласындағы білім мен дағдыларды дамытуға және көрсетуге мүмкіндік береді.
Өз талантымен көзге түскен Никитаға, сондай-ақ қолдау көрсеткен ата-анасына үлкен алғысымызды білдіреміз.