Қазақстан Республикасының Жаңа Конституциясының ережелерін түсіндіру мақсатында медицина қызметкерлерімен кездесу өткізілді.

Қазақстан Республикасының Жаңа Конституциясының ережелерін түсіндіру мақсатында медицина қызметкерлерімен кездесу өткізілді.

Іс-шара барысында әділеттілік, заңдылық және мемлекеттің әлеуметтік жауапкершілік қағидаттарын нығайтуға бағытталған негізгі баптары жан-жақты түсіндірілді. Азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғау, мемлекеттік шешімдер қабылдауда қоғамның рөлін арттыру, сондай-ақ билік органдарының ашықтығы мен есептілігін қамтамасыз ету мәселелеріне ерекше назар аударылды.
Сонымен қатар әлеуметтік саясатқа және бюджеттік сала қызметкерлерін, оның ішінде медицина қызметкерлерін қолдауға қатысты нормалар қарастырылды. Кездесуге қатысушылар белсенділік танытып, өздерін толғандырған сұрақтарын қойып, пікірлерімен бөлісті. Кездесу соңында құқықтық түсіндіру жұмыстарын жалғастырудың және кәсіби қауымдастықпен ашық диалог орнатудың маңыздылығы атап өтілді.