2026 жылғы 25 ақпанда Алтай ауданы әкімінің орынбасары Ж.А. Аскарованың төрағалығымен Алтай ауданының Кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссиясының кезекті отырысы өтті.

2026 жылғы 25 ақпанда Алтай ауданы әкімінің орынбасары Ж.А. Аскарованың төрағалығымен Алтай ауданының Кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссиясының кезекті отырысы өтті.

Отырысқа Алтай ауданы прокуратурасының прокуроры А.М. Жаканова комиссия мүшелері, кәмелетке толмағандар істері жөніндегі инспекторлар, білім беру ұйымдарының басшылары, педагог-психологтар, әлеуметтік педагогтер, сынып жетекшілері қатысты.
Комиссия жұмысы барысында ата-аналық міндеттерін тиісінше орындамау фактілері бойынша 10 жеке іс қаралды. Әрбір жағдай бойынша қалыптасқан ахуалға жан-жақты баға берілді.
Комиссия төрағасы Ж.А. Аскарова әлеуметтік қауіпті жағдайдағы және тәуекел тобындағы отбасылармен атаулы профилактикалық жұмысты күшейту, сондай-ақ балалардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау мәселелерінде ведомствоаралық өзара іс-қимылды қамтамасыз ету қажеттігін атап өтті.
Алтай ауданы прокуратурасының прокуроры А.М. Жаканова заңнама талаптарын қатаң сақтау және құқық бұзушылықтардың қайталануын болдырмау бойынша уақтылы шаралар қабылдау қажеттігіне назар аударды.
Отырыс қорытындысы бойынша тиісті ықпал ету шаралары қабылданды. Комиссия отбасылық қолайсыздықтың алдын алу, балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету және мүдделі органдар мен мекемелердің өзара іс-қимылын нығайту бағытында жүйелі жұмысын жалғастырады.