
Қыс мезгілі басталғалы бері Алтай ауданының ТЖБ қызметкерлері Алтай ауданының полиция бөлімінің қызметкерлерімен бірлесіп демалыс және мереке күндері қысқы балық аулауды ұнататын азаматтармен рейдтік профилактикалық іс-шаралар өткізуде.
Іс-шара барысында мұз үстінде қауіпсіздік ережелері түсіндіріліп, көрнекі үгіт-насихат материалдары таратылуда, сондай-ақ автокөлікпен мұз үстіне шығуға тыйым салынғаны ескертіледі.