1 наурыз | Шығыс Қазақстан облысы, Алтай ауданы, Октябрьский кенті «Бұқтырма балықшысы – 2026» II республикалық мұз үсті балық аулау фестивалі өтеді.

1 наурыз | Шығыс Қазақстан облысы, Алтай ауданы, Октябрьский кенті  «Бұқтырма балықшысы – 2026» II республикалық мұз үсті балық аулау фестивалі өтеді.

Қатысушылар мен қонақтарды концерттік бағдарлама, Қазақстан эстрада жұлдызының өнер көрсетуі, фотозона, бүкіл отбасыға арналған ойын-сауық бағдарламалары, жылынуға арналған киіз үйлер, сондай-ақ «Ауылдың дәмі» жәрмеңкесі мен фуд-корт күтеді.

Фестивальдің негізгі шарасы – мұз үсті балық аулау сайысы.

Жеңімпаздар кубоктармен, медальдармен, алғыс хаттармен және облыс әкімінің арнайы сыйлықтарымен марапатталады.

Басталуы: 1 наурыз, сағат 10:00.