Посмотреть эту публикацию в Instagram
Конференция жұмысына 97 сайланған делегат, сондай-ақ құрметті қонақтар мен шақырылғандар қатысты. Олардың қатарында Алтай ауданының әкімі Ренат Курмамбаев, аудандық мәслихат төрағасы Лариса Гречушникова, қала, ауылдық округтер мен кент әкімдері, аудан әкімі аппаратының бөлім басшылары, денсаулық сақтау саласының өкілдері, бұқаралық ақпарат құралдары мен қоғамдық ұйымдардың өкілдері болды.
2021–2025 жылдар аралығындағы аудандық ардагерлер кеңесінің атқарған жұмысы туралы есептік баяндаманы кеңес төрайымы Элла Яковлевна Гейгер жасады. Өз сөзінде ол ұйым қызметінің қорытындыларын шығарып, ардагерлерді әлеуметтік қолдау, жастарды патриоттық тәрбиелеу, мемлекеттік органдармен және қоғамдық бірлестіктермен өзара іс-қимыл жасау, сондай-ақ ардагерлер белсенділерінің ауданның қоғамдық өміріне белсенді қатысуы бағытындағы жұмыстарды атап өтті.
Күн тәртібіне сәйкес аудандық ардагерлер кеңесінің жаңа құрамы 25 адамнан сайланды, ревизиялық комиссия құрамы бекітілді, сондай-ақ Шығыс Қазақстан облыстық филиалының есептік-сайлау конференциясына делегаттар сайланды.
Ұйымдастыру пленумы аясында басшылық органдар сайланды. Аудандық ардагерлер кеңесінің төрайымы болып Назигуль Шоматова сайланды. Назигуль Мұғалімқызына алдағы қызметінде табыс тіледік.
Конференция сындарлы әрі іскерлік жағдайда өтті. Қатысушылар атқарылып жатқан жұмыстың маңыздылығын атап өтіп, ардагерлер кеңесінің жаңа құрамы ардагерлердің құқықтары мен мүдделерін қорғау, ұрпақтар сабақтастығын нығайту және аудандағы қоғамдық белсенділікті дамыту бағытындағы жұмысты жалғастыратынына сенім білдірді.
Аудан әкімі Ренат Курмамбаев Элла Яковлевнаға көпжылдық адал еңбегі, белсенді азаматтық ұстанымы және ауданның ардагерлер қозғалысын дамытуға қосқан елеулі үлесі үшін алғыс білдірді. Ол оның жоғары кәсібилігін, принципшілдігін және аға буын өкілдеріне деген шынайы қамқорлығын атап өтіп, тәжірибесі мен ісіне деген адалдығы әріптестер мен жастарға үлгі екенін жеткізді.
Сөз соңында Ренат Тлеуханович алдағы уақытта да нәтижелі ынтымақтастық болатынына сенім білдіріп, Элла Яковлевнаға зор денсаулық, амандық және қоғамдық қызметінде жаңа жетістіктер тіледі.