Алтай ауданы әкімінің орынбасары, әдеп жөніндегі уәкіл Аскарова Ж.А. Соловьев және Средигорный ауылдық округтеріне жұмыс сапарымен барды

Алтай ауданы әкімінің орынбасары, әдеп жөніндегі уәкіл Аскарова Ж.А. Соловьев және Средигорный ауылдық округтеріне жұмыс сапарымен барды

Сапар барысында ұжымдармен және жауапты мамандармен кездесулер өткізді.
Кездесу барысында Әдеп кодексінің талаптарын сақтау, қызметтік мінез-құлық нормалары мен еңбек тәртібін нығайту мәселелері талқыланды. Мемлекеттік қызметшілердің жауапкершілігіне, халықпен дұрыс әрі әдепті қарым-қатынас жасауына, қызметтік әдеп нормаларын бұзуға жол бермеуге ерекше назар аударылды.
Күнделікті жұмыста заңдылық, ашықтық және азаматтарға құрмет қағидаттарын сақтау маңызды екені атап өтілді.