«Ақылды Awards – 2026» жыл сайынғы сыйлығы өз мәресіне жетті. Бұл — Қазақстан мектептерінің дарынды оқушыларын қолдауға және ынталандыруға бағытталған, «Алтын белгі» иегерлері болуға үміткер жастарға арналған эксклюзивті республикалық іс-шара.

«Ақылды Awards – 2026» жыл сайынғы сыйлығы өз мәресіне жетті. Бұл — Қазақстан мектептерінің дарынды оқушыларын қолдауға және ынталандыруға бағытталған, «Алтын белгі» иегерлері болуға үміткер жастарға арналған эксклюзивті республикалық іс-шара.

Байқау комиссиясының шешімімен Д. Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан техникалық университетінің білім беру гранттарына Алтай қаласының жалпы білім беретін мектептерінің 9 түлегі ие болды. Жеңімпаздар қатарында №7 орта мектеп, мектеп-лицей және №6 орта мектеп оқушылары бар.

Д. Серікбаев атындағы ШҚТУ-дың басқарма мүшесі, әкімшілік мәселелер жөніндегі проректоры, техника ғылымдарының кандидаты Машекенова Асия өз сөзінде университеттің дарынды жастарды қолдауға және олардың кәсіби дамуына жағдай жасауға ерекше көңіл бөлетінін атап өтті.

Аудан әкімінің орынбасары Аскарова Жанна түлектерді құттықтай отырып, оқушылардың дайындық деңгейінің жоғары екенін, білімге деген ұмтылысы мен белсенді өмірлік ұстанымын ерекше атап өтіп, алдағы мақсаттарына нық қадам басып, ел дамуына өз үлестерін қоса берулеріне тілектестік білдірді.

«Akýldy Leadership» номинациясының жеңімпазы Серикпаева Әнел өз сөзінде байқау ұйымдастырушыларына, ұстаздары мен ата-аналарына көрсеткен қолдауы мен сенімі үшін алғысын білдірді.

«ФИЗМАТ шыңдарын бағындырушы» номинациясының жеңімпазы — №7 орта мектептің оқушысы Яковлева Анастасия бұл премияға қатысуы мен жеңісі оның алдағы дамуына және кәсіби бағдарын айқындауына үлкен серпін бергенін атап өтті.

Іс-шара соңында Д. Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан техникалық университеті еліміздегі жетекші техникалық жоғары оқу орындарының бірі екені, сапалы білім алуға, ғылыми әлеуетті дамытуға және жастардың кәсіби қалыптасуына кең мүмкіндіктер жасайтыны айтылды. Университет дарынды түлектерді жүйелі түрде қолдап, білім беру гранттарын ұсынып, олардың табысты болашағына жол ашуда.