
Кеңес барысында білім беру ұйымдарының қызметін ұйымдастыруға қатысты өзекті мәселелер қаралды.
Білім бөлімінің бас маманы О.А. Рогожина мектептегі тамақтануды ұйымдастыру және «Әлеуметтік әмиян» жүйесінің жұмыс істеуі мәселелері бойынша түсіндірме жасап, білім беру ұйымдары басшыларының назарын белгіленген талаптарды қатаң сақтау және ата-аналарды уақтылы ақпараттандыру қажеттілігіне аударды.
Білім бөлімінің заңгері А.И. Комарова білім беру ұйымдарының қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің алдын алу мәселелерін баяндап, сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманы бұзғаны үшін жауапкершілік туралы еске салды, сондай-ақ негізгі тәуекел аймақтары мен оларды азайту шараларын атап өтті.
Білім бөлімінің әдіскері Р.Н. Абышев террористік тұрғыдан осал объектілерді террористік қауіп-қатерден қорғауды ұйымдастыру жөніндегі Нұсқаулықтың сақталуы туралы ақпарат беріп, қауіпсіздікті қамтамасыз ету талаптарын орындаудың, құжаттаманы жүргізудің және алдын алу іс-шараларын жүйелі түрде өткізудің маңыздылығына назар аударды.
Кеңес қорытындысы бойынша білім беру ұйымдарының басшыларына айтылған ұсынымдарды іске асыру, қарастырылған жұмыс бағыттары бойынша бақылауды күшейту және қолданыстағы нормативтік талаптарды сақтау жөнінде тиісті тапсырмалар берілді.