НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ! ЖОЛ ҚОЗҒАЛЫСЫНДА ШЕКТЕУЛЕР

НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ! ЖОЛ ҚОЗҒАЛЫСЫНДА ШЕКТЕУЛЕР

Ауа райының нашарлауына (боран, екпінді жел, көрінудің шектеулі болуы) байланысты және жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында 2026 жылғы 6 ақпанында сағат 9:30-дан бастап барлық көлік құралдары үшін (арнайы жол, апаттық және құтқару қызметтерінің көліктерінен басқа) қозғалыс шектеуі енгізіледі.
Шектеу автокөлік жолының келесі учаскесінде:
«Өскемен - Алтай - Үлкен Нарын - Катон-Қарағай – Рахман қайнары»
7-166 км учаскесінде (Ушанское ауылы - Алтай қаласы).
Жүргізушілерден бағыттарын жоспарлаған кезде осы ақпаратты ескеруді және қауіпсіздік шараларын сақтауды сұраймыз.