Штаб отырысы

Штаб отырысы

Алтай ауданында күн сайын аудан әкімі К.Байгонусовтың төрағалығымен короновирус инфекциясының ошақтарын оқшаулау жөніндегі штаб отырысы өтеді.

Кезекті отырыс барысында эпидемиологиялық жағдай талқыланды, бүгінгі күнге облыс және ауданымыз бойынша жағдай өте күрделі.

Кеңес барысына сонымен қатар бақылау топтарының жұмыстары, тұрғындар арасында жүргізіліп отырған ақпараттық-түсіндіру жұмыстарының мәселелері қарастырылды.

Кеңес қорытындысы бойынша штаб бірқатар маңызды шешімдер қабылдады.

Атап айтқанда, ауданда қолданыстағы күшейтілген даярлық режимін сақтау, барлық қоғамдық іс-шараларды, үйлену тойлары мен жерлеу рәсімдерін шектеу туралы шешім қабылданды.

Ауданымыздың барлық ұйымдары мен мекемелерінің басшыларына, барлық меншік үлгісіндегі  нысандарда жұмысшы құрамы мен келушілер үшін бетперде тағу мен зарарсыздандыру режимін міндетті түрде қамтамасыз ету жүктелді.

Аудан әкімі К.Байгонусов аудан тұрғындары арасында респираторлық инфекциялардың, тұмаудың және жаңа коронавирустық инфекциялардың алдын алу бойынша түсіндіру жұмыстарын күшейту, сонымен қатар вирустық инфекцияларды емдеу кезінде қолданылатын дәрі-дәрмектер мен медициналық препараттардың қажетті мөлшерін толықтыруды қамтамасыз ету қажет екенін баса айтты.

О.Прокопьева, ішкі саясат, мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің әдіскері