Білім бөлімінің басшысы Б. Канафина журналистерге Алтай ауданы оқушыларының интеллектуалдық және шығармашылық қабілеттерін дамыту туралы баяндама жасады.

Білім бөлімінің басшысы Б. Канафина журналистерге Алтай ауданы оқушыларының интеллектуалдық және шығармашылық қабілеттерін дамыту туралы баяндама жасады.

Алтай ауданында оқушылардың зияткерлік және шығармашылық қабілеттерін дамытуға үлкен көңіл бөлініп, дарынды балаларды анықтау және дамыту үшін жағдай жасау бағытында жүйелі жұмыстар жүргізілуде.
Жас тарихшылардың «Менің кіші Отаным» атты республикалық зияткерлік байқауының облыстық кезеңінде №9 орта мектептің оқушысы Малик Қ. жоғары білім деңгейін, шығармашылық көзқарасын және тақырыпты терең аша білу қабілетін көрсетіп, сапалы мультимедиялық жұмыс ұсынып, 1-орынға ие болды.
«Зерде» республикалық зерттеу жобалары байқауының облыстық кезеңінде №1 бастауыш мектептің, С. Нұрмағамбетов атындағы орта мектептің, Средигорное орта мектебінің, Чапаево орта мектебінің, №1 Жаңа- Бұқтырма орта мектебінің, мектеп-лицейдің, №6, №7 орта мектептердің, Бородино орта мектебінің, № 2 Жаңа- Бұқтырма орта мектебінің оқушылары жүлделі орындарға ие болды.
«Зерде» республикалық зерттеу жобалары байқауының республикалық кезеңінде жаратылыстану-математикалық бағыт бойынша Средигорное орта мектебінің оқушылары 3-орын иеленді, ал №1 бастауыш мектебі мен С. Нұрмағамбетов атындағы орта мектептің оқушылары гуманитарлық бағыттағы пәндер бойынша аудан намысын республикалық деңгейде қорғайтын болады. Жалпы білім беретін пәндер бойынша ғылыми жобалардың республикалық байқауының облыстық кезеңінде мектеп-лицейдің, С. Нұрмағамбетов атындағы орта мектептің, №9, №7 орта мектептердің, Маяк орта мектебінің оқушылары жүлделі орындарға ие болды.
9–11 сынып оқушылары арасындағы республикалық олимпиаданың облыстық кезеңінде А. Сумин атындағы орта мектептің, мектеп-лицейдің, №9, №7, №11 орта мектептердің оқушылары физика, қазақ тілі мен әдебиеті, биология, география, информатика, Қазақстан тарихы, құқық негіздері, ағылшын тілі, математика, орыс тілі мен әдебиеті пәндері бойынша жоғары нәтижелер көрсетті.
Ауыл мектептері арасында өткен 9–11 сынып оқушыларының республикалық олимпиадасының облыстық кезеңінде А. Сумин атындағы орта мектептің, № 1 Жаңа- Бұқтырма орта мектебінің, Чапаево, Зубовск, М. Бикетов атындағы,Первомайское орта мектептерінің оқушылары үздік нәтижелерге қол жеткізді.
Атап айтқанда, А. Сумин атындағы орта мектептің 11-сынып оқушысы Воробьев Тимурдың жетістігі ерекше назар аударуға лайық. Ол қоғамдық-гуманитарлық бағыттағы республикалық ауыл олимпиадасында ағылшын тілі пәнінен 1-орын иеленді.
Аталған жетістіктер Алтай ауданындағы білім беру деңгейінің жоғары екенін және оқушылардың жаңа білім белестерін бағындыруға деген ұмтылысын көрсетеді. Ауданның білім беру ұйымдары алдағы уақытта да оқушылардың таланттарын дамытып, білім берудің әртүрлі деңгейлерінде жаңа табыстарға қол жеткізеді.