ШҚО Дене шынықтыру және спорт басқармасының «Алтай қаласының балалар-жасөспірімдер спорт мектебі» КММ конькимен жүгіру бөлімінің тәрбиеленушілері Шығыс Қазақстан облысының құрамасы сапында конькимен жүгіруден өткен «Алтай тауларының III Халықаралық қысқы ойындары – 2026» жарысына қатысты.

Аталған жарыс 2026 жылдың 27–31 қаңтары аралығында
Қытай Халық Республикасының Алтай қаласында өтті.

Жарыс қорытындысы бойынша біздің команда
командалар арасында III жалпыкомандалық орынды иеленді.

Аталған жарысқа келесі өңірлер мен елдердің командалары қатысты:
– Ресей Федерациясы (Алтай өлкесі, Алтай Республикасы, Тыва Республикасы);
– Алматы облысы;
– Қытай Халық Республикасы (5 провинция);
– Моңғолия (3 провинция);
– Шығыс Қазақстан облысы.

Спортшылар мен жаттықтырушыларды лайықты нәтижелерімен құттықтай отырып,
алдағы халықаралық жарыстарда толағай табыс пен жаңа жеңістер тілейміз!