
Кеңес барысында Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік сатып алу туралы» Заңының нормаларын қатаң сақтау мәселелеріне ерекше назар аударылды. Атап айтқанда, сатып алу рәсімдерінің ашықтығы мен заңдылығын қамтамасыз ету, мүдделер қақтығысына жол бермеу, сондай-ақ мемлекеттік сатып алу саласындағы бұзушылықтар үшін лауазымды тұлғалардың дербес жауапкершілігі түсіндірілді.
Кездесу барысында Еңбек кодексінің нормаларын мүлтіксіз сақтау, қызметтік тәртіпті нығайту, басшылардың қарамағындағы қызметкерлердің қызметіне қатысты жеке жауапкершілігін арттыру мәселелеріне ерекше екпін жасалды.
Сонымен қатар қызметтік автокөлікті заңды, ұтымды және мақсатты пайдалану, оны жеке мақсатта қолдануға жол бермеу, пайдалану қағидалары мен белгіленген есептілікті сақтау мәселелері жеке қаралды.
Кеңес қорытындысы бойынша ішкі бақылауды күшейту, қызметтік әдепті, еңбек заңнамасын және мемлекеттік сатып алу саласындағы заңнаманы бұзудың алдын алу, сондай-ақ мемлекеттік қызметте адалдық пен жауапты мінез-құлық мәдениетін қалыптастыру жөнінде нақты тапсырмалар берілді. Қатысушыларға белгіленген талаптарды сақтамағаны үшін дербес жауапкершілік түсіндірілді.