Мониторинг тобы емханада болып қайтты

Мониторинг тобы емханада болып қайтты

Коронавируспен ауру саны күн сайын  көбейіп бара жатқандықтан, адамдар көп жиналатын емханаға барған кезде санитариялық қауіпсіздік ережелерін сақтау керек.

ПЦР тестерді тапсыру уақыт бойынша бөлінген: ешқандай кезек жоқ, әлеуметтік ара қашықтық сақталады. Мердігер ұйымдар жұмыскерлері күннің бірінші жартысында талдау өткізеді, екінші жартысында «КАЗЦИНК» ЖШС жұмыскерлері келеді. 

Санэпид талаптарын сақтау үшін жауапкершілік бірінші кезекте бас дәрігерге жүктеледі. Дәл сол дәрігер емханадағы санэпид тәртібін сақтауды қамтамасыз ететін бұйрықтар шығарады.

Қазіргі уақытта емханада жөндеу жұмыстары жүріп жатыр, сондықтан терапевт бөлімі уақытша балалар бөліміне біріктірілген. Қолайсыздықтарға қарамастан, қала тұрғындары әлеуметтік ара қашықтықты сақтауда, бетперде киіп келуде.

Жөндеу  бітейін деп қалды, жақында уақытша қолайсыздықтар аяқталады. Мониторинг тобының мүшелері санитариялық қаупсіздік ережелерін сақтау бойынша тағы да түсіндіру жүргізді.