Жаңа Бұқтырмадағы тексеру

Жаңа Бұқтырмадағы тексеру

Ауданда коронавирус инфекциясының таралуының алдын алу және қауіпсіздік шараларын сақтауды тексеру үшін бизнес объектілерін тексеретін арнайы мониторинг топтары құрылды. Олардың құрамына депутаттар, кәсіпкерлік бөлімінің, санитариялық қызмет, құқық қорғаушылар өкілдері және  «NurOtan» партиясының мүшелері кіреді.

Мониторинг тобы Жаңа Бұқтырма кентінің дүкендерінде және емханада болып қайтты. Топ жұмысының мақсаты, аурудың таралуына жол бермеу, санитариялық дәрігер қаулысының орындалуы.

Мониторинг тобы тексеретін негізгі ережелер – кіре берістерде санитарзерлердің болуы, қызмет көрсететін жұмыскерлердің қолғаптары мен бетпердесі, өңдеу кестесінің болуы. Және міндетті түрде бүкіл сауда залын толық өңдейтін санитарлық күннің болуы.

Бірнеше сауда орнында ескертулер болды, емханада ескерту болған жоқ.

 

О.Прокопьева, ішкі саясат, мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің әдіскері