Базарлар мен кафелерді тексеруде

Базарлар мен кафелерді тексеруде

Алтай қаласында мониторинг топтары эпидемияға қарсы іс-шараларды орындау бойынша кәсіпкерлік объектілеріне, ұйымдарға күнделікті бақылау жүргізуді жалғастыруда. Қалада бес мониторинг тобы істейді, олар барлық қоғамдық тамақьтандыру объектілерін, сауда және коммуналдық объектілерді аралап, тексереді. Қала әкімі Ж. Асқарова басқарған мониторинг тобы шағын базарларды, кафелерді, азық-түлік емес дүкендерді аралап шықты.

Монитринг тобына кәсіпкерлік бөлімінің қызметкерлері, санитариялық қызмет өкілдері, мемлекеттік мекемелер өкілдері кіреді.

Олар санитариялық-эпидемиологиялық шараларды сақтау бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізеді.

Қоғамдық тамақтандыру орындарында, дүкендерде, қоғамдық көліктерде және басқа да адамдар көп жиналатын орындарда санитариялық нормаларды сақтауға күнделікті бақылау жүргізіледі. Іс-шаралар коронавирус инфекциясының таралуын бақылау мақсатында жүргізіледі. 

О.Прокопьева, ішкі саясат, мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің әдіскері