
Кездесу барысында елді мекендердің әлеуметтік-экономикалық дамуы, абаттандыру, жол инфрақұрылымының жағдайы, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, сондай-ақ білім беру мен денсаулық сақтау салаларына қатысты өзекті мәселелер талқыланды.
Тұрғындар өздерін толғандырған мәселелерді көтеріп, бірқатар ұсыныстарын білдірді. Көтерілген барлық мәселелер бойынша түсіндірмелер беріліп, өтініштер бақылауға алынды және тиісті шаралар қабылдау үшін қаралатын болады.