⚠️ ЕСКЕРТУ ⚠️

⚠️ ЕСКЕРТУ ⚠️

Алтай ауданының Төтенше жағдайлар басқармасы ескертеді:
қысқы кезеңде аудан аумағында көктайғақ, қар жаууы, боран және ауа температурасының күрт төмендеуімен байланысты қауіп деңгейі жоғары болып сақталады.
Жазатайым оқиғалардың алдын алу мақсатында төмендегіні ұсынамыз:
▪️ көшеде қозғалу кезінде жеке қауіпсіздік шараларын сақтау;
▪️ таймайтын табаны бар аяқ киім кию;
▪️ жүргізушілерге жылдамдық режимі мен арақашықтықты қатаң сақтау;
▪️ балаларды қараусыз қалдырмау;
▪️ ауа райына сай киіну және тоңып қалудан сақтану.
Мұқият әрі сақ болыңыздар.
Өз өміріңіз бен денсаулығыңызды қорғаңыздар.