Алтай ауданындағы қысқы сәулет

Алтай ауданындағы қысқы сәулет

Алтай ауданының жалпы білім беретін мектептері қыс мезгілінде өз аумақтарын безендіруге креативті әрі үлкен шабытпен кірісті. Мектеп аулалары мен кіреберіс аймақтары нағыз ертегі әлеміне айналып, мұнда қар қалашықтары, мұз мүсіндері, жаңа жылдық композициялар мен тақырыптық инсталляциялар пайда болды. Бұл жұмыстарды педагогтер, оқушылар және ата-аналар бірлесе атқарды.

Әр мектеп өз ерекшелігін көрсетуге тырысып, қиял ұшқырлығын, көркемдік талғамын және бірлікті танытты. Қысқы композициялар көз қуанта отырып, мерекелік көңіл-күй сыйлайды, балалардың эстетикалық сезімін қалыптастырып, шығармашылық қабілеттерін дамытуға және мектеп ұжымының бірлігін нығайтуға ықпал етеді.

Қысқы сәулет бірлескен еңбектің мен шабыттың арқасында қарапайым мектеп аулаларын мерекелік әрі нағыз сиқырлы кеңістікке айналдыруға болатынын көрсетіп, Алтай ауданына қыстың қақаған аязында да жылу мен қуаныш атмосферасын сыйлады.