Алтай қаласының орталық алаңында басты жаңа жылдық шыршаны салтанатты түрде жағу рәсімі өтті

Алтай қаласының орталық алаңында басты жаңа жылдық шыршаны салтанатты түрде жағу рәсімі өтті

 Мерекелік шырша жарқыраған шамдармен безендіріліп, қала тұрғындары мен қонақтарына жылулық пен ертегідей көңіл күй сыйлады. Іс-шараға балаларымен бірге көптеген отбасылар жиналып, әуен ойнап, нағыз мерекелік атмосфера орнады.

Қала тұрғындарын қала әкімі Охременко Сергей құттықтау сөзбен қарсы алды. Ол барша жұртты келе жатқан Жаңа жылмен құттықтап, мықты денсаулық, амандық пен жаңа жылда толағай табыстар тіледі, сондай-ақ бірлік пен игі дәстүрлердің маңыздылығын атап өтті.

Қала тұрғындары да өз әсерлерімен бөлісті.
«Біз жыл сайын отбасымызбен шыршаның жағылуына келеміз — бұл біз үшін жақсы дәстүрге айналған. Жаңа жылдың жақындап қалғаны бірден сезіледі», — деді қала тұрғыны Проскурякова Наталья.
«Өте әдемі әрі мерекелік көңіл күй. Балалар қатты қуанды. Осындай тамаша көңіл күй сыйлаған ұйымдастырушыларға рахмет», — деді қала тұрғыны Сулейменова Айгуль.

Шыршаның жағылуы қысқы мерекелердің басталуын білдіріп, жиналған қауымға қуаныш, жылулық пен жаңа жылдық ғажайыпты күту сезімін сыйлады.