Тәуелсіздік күніне орай: Алтай ауданының Полянское ауылына алғашқы сүтті ірі қара мал әкелінді

Тәуелсіздік күніне орай: Алтай ауданының Полянское ауылына алғашқы сүтті ірі қара мал әкелінді

Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күні қарсаңында Алтай ауданындағы Полянское ауылында «Мойылды-Байқоңыр» ЖШС-нің сүт-тауарлы фермасына голштин-фриз тұқымындағы сиырлардың алғашқы табыны әкелінді. Аталған жобаны іске асыру мал шаруашылығын дамытуға, сапалы сүт өнімдерінің өндірісін арттыруға және ауылдық жерде жаңа жұмыс орындарын құруға бағытталған.
Полянское ауылының тұрғыны Ольга Логвинова сүт-тауарлы ферманың ашылуы мен дамуы бүкіл ауыл үшін маңызды оқиға екенін атап өтті. Оның айтуынша, бұл жоба ауылдың әлеуметтік-экономикалық дамуына ықпал етіп, тұрғындарды тұрақты жұмыспен қамтуға және өңірдің аграрлық саласының дамуына жаңа серпін береді.
Полянское ауылдық округінің әкімі Ержан Омырбаев бұл жобаның іске асырылуы мемлекет тарапынан көрсетілген қолдаудың арқасында мүмкін болғанын атап өтті. Ол агроөнеркәсіптік кешенді дамыту басым бағыттардың бірі екенін, ал сүт-тауарлы ферманың іске қосылуы азық-түлік қауіпсіздігін нығайтуға және ауыл халқының тұрмыс деңгейін арттыруға септігін тигізетінін айтты.