Алтай ауданы маслихатының төрайымы Гречушникова Л. А. Қазақстан Республикасы Парламенті Сенаты жанындағы маслихаттардың өзара іс-қимыл жөніндегі отырысына қатысты.

Алтай ауданы маслихатының төрайымы Гречушникова Л. А. Қазақстан Республикасы Парламенті Сенаты жанындағы маслихаттардың өзара іс-қимыл жөніндегі отырысына қатысты.

Іс-шара барысында барлық деңгейдегі депутаттардың округтерінде жергілікті өзін-өзі басқаруды құру бойынша пилоттық жобалар мәселелері қаралып, депутаттық корпус жұмысының оң тәжірибесі талқыланды.
Гречушникова Л. А. Алтай ауданында депутаттар мен халық арасындағы өзара байланыстарды нығайту бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстар туралы айтып, ашықтық пен азаматтардың өтініштеріне жедел әрекет етудің маңыздылығын атап өтті. Ол пилоттық жобаларды іске асыру аясында жергілікті деңгейде шешім қабылдауға тұрғындардың қатысу механизмдерін дамытуға және қоғамдық бастамаларды қолдауға ерекше көңіл бөлінетінін жеткізді.
Сонымен қатар, маслихат төрайымы ауылдық округтердегі өмір сапасын арттыруға бағытталған табысты тәжірибелерімен бөлісіп, жергілікті өзін-өзі басқару жүйесін одан әрі жетілдіру өкілді органдардың тиімділігін арттыруға және азаматтардың сенімін нығайтуға ықпал ететініне сенім білдірді.