Баспасөз конференциясында білім бөлімінің басшысы Б.Канафина аудандағы білім беру мекемелерінде сабақтар тоқтатылатын қолайсыз ауа райы жағдайлары жөнінде баяндама жасады.

Баспасөз конференциясында білім бөлімінің басшысы Б.Канафина аудандағы білім беру мекемелерінде сабақтар тоқтатылатын қолайсыз ауа райы жағдайлары жөнінде баяндама жасады.

Өңірдің климатын ескере отырып, температура шектеулері әзірленді, оларға сәйкес оқу процесін тоқтату ұсынылады:
Желдің 2 м/с төмен жылдамдығында:
минус 28 °С және төмен —0–4-сынып оқушылары үшін;
минус 32 °С және төмен —0–9-сынып оқушылары үшін;
минус 34 °С және төмен —0–11-сынып оқушылары үшін.
Желдің 2 м/с жоғары жылдамдығында:
минус 23 °С және төмен —0–4-сынып оқушылары үшін;
минус 27 °С және төмен —0–9-сынып оқушылары үшін;
минус 29 °С және төмен —0–11-сынып оқушылары үшін.
Сондай-ақ минус 17°C немесе одан төмен температурада ашық ауада сабақтарды өткізуге тыйым салынады. Сонымен қатар, тайғанақ және қатты жел (Бофор шкаласы бойынша орташа жылдамдығы 10,8–13,8 м/с немесе 39–49 км/сағ болатын) сияқты қолайсыз ауа райы жағдайларында сабақтар тоқтатылады.
Бұл ұсыныстар аязды ауа райы кезеңінде оқушылардың қауіпсіздігі мен денсаулығын қамтамасыз етуге бағытталған.