
Кездесу барысында тұрғындар келесі мәселелер бойынша өтініштерін білдірді:
• аула аумағын жөндеу және аумақты абаттандыру;
• медициналық академияға тегін оқу бөліміне ауысуға жәрдем көрсету;
• жұмысқа орналасу және лайықты вакансияларды іздеу;
• тұрақты сумен жабдықтау мәселелерін шешу.
Әрбір өтініш бойынша түсіндірулер беріліп, тиісті қадамдар белгіленді, сондай-ақ мәселелерді жұмыс тәртібінде қарастыру үшін жауаптылар анықталды. Барлық өтініштер бақылауға алынды.